«Дария көңіл ақын» атты өнер сағат ұйымдастырылды.
28 маусым күні Белбасар ауылдық кітапханасында Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, әйгілі халық ақыны, композитор Кенен Әзірбаевтың туғанына 140 жыл толуына орай «Дария көңіл ақын» атты өнер сағат ұйымдастырылды. Шара барысында кітапханашы ғасырға жуық ғұмыр кешкен Ақынның айтыстары, жыр дастандары, аңыз әңгімелері өз алдына бір төбе болса, әндері мен өлеңдері өз алдына мол дүние екенін балаларға айта кетті. Кітапханашы балаларға Кенен Әзірбаев шығармашылық кітаптарын таныстырып оқушылардың назарына ұсынды.

