«Халқы сүйген қаламгер» атты танымдық сағат өтті.
7 маусым күні Ақтөбе ауылдық кітапханасында «Бір-ел,бір кітап» акциясы аясында белгілі жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, оқушының кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Халқы сүйген қаламгер» атты танымдық сағат өтті. Шара барысында шығармаларын таныстыра келе, ішіндегі бала жүрегіне жол тапқан үздік туындысы»Менің атым Қожа» повесінің желісі жайлы айтылды. Балалар үзінділер оқып, түсініктерін айтып берді

