«Бақытты балалық шақ» тақырыбында көшпелі кітап көрмесі өтті.
1 маусым күні 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастырумен ашық аспан астында «Бақытты балалық шақ» тақырыбында көшпелі кітап көрмесі өтті. Оқырмандар назарына ұсынылған кітаптардың ішінен балалар өздеріне ұнаған және қызықтырған кітаптармен қолдарына алып, бірі ертегілерді, енді бірі қызықты энциклопедиялар мен тағы басқа кітаптарды қызықтап қарап танысып, кітаптарға қызығушылық танытқан оқырмандарға кітапханадан жазылып алып оқуларына болатындығы түсіндірді.


