“Жазға кітаппен бірге!” тақырыбында ойын викторина өткізілді.
31 мамыр күні Оразалы ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Жаз кітаппен» жобасы аясында “Жазға кітаппен бірге!” тақырыбында ойын викторина өткізілді. Кітапханашы кішкентай оқырмандарды мерекелерімен құттықтап, саябақта балаларға ойын ойнатып, жаңа түскен балалар әдебиетімен таныстырып, ертегі оқып берді.

