«Тамаша кітап әлеміне ой түзе!» тақырыбында open-air өткізді.
31 мамыр күні №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Жаз кітаппен» жобасы аясында «Тамаша кітап әлеміне ой түзе!» тақырыбында open-air өткізді. Бүлдіршіндер назарына ұсынылған тартымды безендірілген кітаптар ішінен балалар өздерін қызықтырған кітаптарды қолдарына алып, бірі ертегілерді, енді бірі қызықты энциклопедиялар мен тағы басқа кітапшаларды қызықтап оқыды.

