“Күмбірле, күй -домбыра” тақырыбында портреттік кеш өтті.
17 мамыр күні балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қазақтың атақты күйші-композиторы, ”Достық”, ”Парасат”,”Құрмет” ордендерінің иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әбдімомын Желдібаевтың құрметіне “Күмбірле, күй -домбыра” тақырыбында портреттік кеш өтті. Оқырмандарға күйшінің өмір жолы мен шығармашылығы айтылып, ”Сырлы саздың сыңғыры” кітабы таныстырылды.

