«Ұранды ердің-ұрпағы қайсар» атты патриоттық сағат өткізілді.
4 мамыр күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Ж.Баласағуни атындағы орта мектебінің 9,10-сынып оқушыларымен 7 мамыр -Отан қорғаушылар күніне орай «Ұранды ердің-ұрпағы қайсар» атты патриоттық сағат өткізілді.Шара барысында кітапханашы азаматтарымызды мерекемен құттықтап, кеш қонағымыз Ж.Баласағұни атындағы орта мектебінің АӘД пәні мұғалімі М.Сихымбаев оқушыларды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеудің маңызын атап өтіп, АК 74-тің шығу тарихымен таныстырды және оның әр бөлшегіне нақты тоқталып, түсіндіріп өтті.
