«Қазақстан -бірлік пен татулықтың мекені» атты бульвар өтті.
30 сәуір күні Бәйдібек ауылдық кітапханасында 1 мамыр- Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Қазақстан -бірлік пен татулықтың мекені» атты бульвар өтті. Іс-шара барысында оқушыларға 1 мамыр – бірлік күні туралы ақпарат беріліп, ұйымдастырылған кітап көрмесі таныстырылды. Оқушылылар “Қазақ” “орыс” “өзбек” билерін мың бұралып билеп, Қазақстан жерінің достығы мен тұтастығы, онда тұратын 130 дан астам ұлт өкілдері туралы баяндама оқыды.

