“Бірлігіміз жарасқан” атты дөңгелек үстел өткізілді.
29 сәуір күні Қонаев ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлік, ынтымақ, достық күніне орай “Бірлігіміз жарасқан” атты дөңгелек үстел өткізілді. Кітапханашы оқушыларға Қазақстан аумағында тұрып жатқан ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығы туралы айтып, “Ахыска” би тобы түрік ұлты, орыс ұлтының биін билеп,өнерлерін көрсетті.

