«Қолтаңбасын айқындаған жазушы» тақырыбында портрет кеші өтті.
29 сәуір күні Бәйдібек ауылдық кітапханашының ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жалпыхалықтық оқуға ұсынылған жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларынан насихаттау мақсатында «Қолтаңбасын айқындаған жазушы» тақырыбында портрет кеші өтті.
Іс-шара барысында кітапханашы қазақ балалар әдебиетінің қаламгері Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен таныстырып, балаларға “Балалық шаққа саяхат”, “Ергежейлілер еліне саяхат” және қазақ әдебиетінің озық туындысының бірі, киносында аса қызығушылықпен көретін “Менің атым Қожа” атты кітаптарымен таныстырылып шықты.




