«Діннің қоғамдағы рөлі» тақырыбында ой-талқы өтті.
17 сәуір күні Бірлікүстем ауылдық кітапханасында «Діннің қоғамдағы рөлі» тақырыбында ой-талқы өтті. Ой-талқыға ауыл жастары, Бірлікүстем ауылдық жастар ісі жөніндегі маман Айжан Аралбай және теолог маман Мырзабек Смайылов қатысып, жастарға теріс ағымдардан сақтану, ұлттық құндылықтар мен тәлім-тәрбие жайлы кеңінен түсіндіріді. Жастар да өз ойларымен бөлісіп, діни сауаттылықты арттыру керек деген пікірлерін айтты.

