«Дін және менің отбасым» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді.

12сәуір күні №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен діни білім беру арқылы келер ұрпақты адамгершілікке, мейірімділікке, мәдениеттілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу мақсатында «Дін және менің отбасым» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді.

Аталмыш шараға Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің Шу ауданы бойынша арнайы бөлім инспекторы Боранқұл Нұрдәулет шақырылды.

Іс-шарада кітапханашы дін рухани тазалықтың, ар-ұят пен адалдықтың мызғымас тірегі дін екендігін тілге тиек етсе, теолог маман Боранқұл Нұрдәулет дін және діни экстремизм, отбасындағы ислам дінінің орны мен шектеулері туралы айтып өтіп, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Мақсаты: Діни білім беру арқылы келер ұрпақты адамгершілікке, мейірімділікке, мәдениеттілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу және дін мен отбасы құндылықтарын түсіндіру.