«Әдебиеттің асқар тұлғасы» атты әдеби вернисаж өтті.

10 сәуір күні Бүгін орталық кітапхананың білім орталығында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын насихаттау мақсатында «Әдебиеттің асқар тұлғасы» атты әдеби вернисаж өтті. Іс-шара барысында кітапханашы қазақ балалар әдебиетінің қаламгері Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстырып, балаларға “Балалық шаққа саяхат” «Бердібек Соқпақбаев» және қазақ әдебиетінің озық туындысының бірі, “Менің атым Қожа” әңгіме-повесі оқырмандарға таныстырылып, насихатталды.