«Ядролық қарусыз әлем» атты тарихи сағат өткізілді.
14 наурыз күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Ж.Баласағуни атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушыларымен Семей полигонында атом бомбасының алғашқы жарылыс 75 жыл толуына орай «Ядролық қарусыз әлем» атты тарихи сағат өткізілді. Іс-шараға қатысушылар Семей полигонында жасалған әуе, жер асты, жер үсті сынақтарының зұлмат зардабы жайында, антиядролық «Невада – Семей» қозғалысының сол кездегі ядролық сынақтарды тоқтатуға қосқан өлшеусіз жұмысы туралы мол мағлұматтар алып, өз ойларымен бөлісті.

