“Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі” атты естелік сағатын өтті.
11 наурыз күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Кеңес Одағының Батыры, жерлесіміз Саттар Естемесовтың 105 жылдық мерейтойына орай “Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі” атты естелік сағатын өтті. Шара барысында азаматтық борышын адал атқарып, елі мен жерін дұшпаннан жан аямай қорғап, Ұлы Отан соғысының лаулаған отының ішінде қаза тапқан жерлесіміздің ерлігі бүгінгі өскелең ұрпақ өкілдері үшін патриоттық тәрбиенің ерен үлгісі болатыны баяндалды.

