«Мәңгілік ана бейнесі» атты печа-куча өткізді.
6 наурыз күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері Ы.Алтынсарин мектебінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында туылған қазақ халқының сүйікті актрисасы Әмина Өмірзақованың 105 жылдық мерейтойына орай «Мәңгілік ана бейнесі» атты печа-куча өткізді.
Аталған шарада актрисаның өмірі мен шығармашылығы баяндалып, оқушылар өз ойларымен бөлісті.

