«Алғыс айту парызым» тақырыбында әдеби сазды кеші өткізілді.

29 ақпан күні аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Әл-Фараби атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушыларының қатысуымен 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту парызым» тақырыбында әдеби сазды кеші өткізілді. Мерекелік іс-шараға қатысушылар белсене атсалысып, Алғыс айту күнінің түпкі мәніне сәйкес, қазақ халқына деген өздерінің шынайы алғыстарын жеткізіп ән, би, жырларын арнады.