“Тағдырын егіз еткен өлеңменен” атты еске алу сағаты болып өтті.

29 ақпан күні Ақтөбе ауылдық кітапханасында ақын, әнші, Қазақстанның еңбегі сіңген мәдениет қызметкері термеші, композитор Аяз Бетбаевқа арналған “Тағдырын егіз еткен өлеңменен” атты еске алу сағаты болып өтті. Шара барысында Аяз Бекетайұлының еліміздің мәдениет саласына қосқан ұшан-теңіз үлесі жайлы айтылып,оның жырлаған “Ақбөпе”, “Сағыныш”, “Ғашықтар”, т.б. жыр-термелерімен таныстырып, халық жүрегінен ерекше орын алған шығармалары дәріптелді.

Нет описания фото.