«Жырлары шежіресі елімнің» тақырыбында өмірбаяндық шолу өткізілді.

27 ақпан күні Бірлікүстем ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Домалақ ене орта мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай «Жырлары шежіресі елімнің» тақырыбында өмірбаяндық шолу өткізілді. Шара барысында кітапханашы ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында мәлімет беріп, өлеңдерінен үзінді оқыды.

ХХғасырдың Гомері атанып жүз жыл жырлаған жыр алыбы Жамбылдың қайталанбас шығармашылығы мен халқымыздың ұшан –теңіз поэзиясы туралы кеңінен насихатталды. Кеш соңында «Жамбыл Жабаев ұлы дала ақыны», «Халық- менің шын атым», «Жамбыл жырау» кітаптарына шолу жасалынды.

Нет описания фото.