« Аса талантты жазушы» тақырыбында өмірбаяндық шолу өтті.

26 ақпан күні Далақайнар ауылдық кітапханасында Т.Әшімбаев орта мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында көрнекті жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай « Аса талантты жазушы» тақырыбында өмірбаяндық шолу өтті.

Іс –шара барысында кітапханашы оқырмандарға жазушының өмірімен шығармашылық жолына тоқталып,. қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр- сипат әкелген көрнекті жазушының «Менің атым Қожа», «Бақыт жолы», «Өзім туралы», «Он алты жасар чемпион» т.б повестерін таныстырып, шығармаларын жас оқырмандарды оқуға шақырды.