«Тілді дамыту ортақ парыз» тақырыбында құпия сұрақ – жауап интелектуалдық ойын кеші өтті.

21 ақпан күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен № 10 Шу колледжінің білімгерлерінің қатысуымен 21 ақпан – Халықаралық тілдер күніне орай «Тілді дамыту ортақ парыз» тақырыбында құпия сұрақ – жауап интелектуалдық ойын кеші өтті. Іс-шарада кітапханашы өз ана тіліміздің мәртебесі биік, мерейі үстем болуы үшін бір адамдай жұмылып, өз байлығымызды асқақтатуға күш салуымыз керек екендігін айта кетті. Білімгерлердің білімдерін жетілдіру мақсатында құпия ұяшықтарда жасырылынған сұрақтарға жауап берді.