«Тіл тірегіміз- соғып тұрған жүрегіміз» атты тич-ин өтті.

19 ақпан күні Сауытбек ауылдық кітапханасында 21 ақпан Халықаралық Ана- тілі күніне орай «Тіл тірегіміз- соғып тұрған жүрегіміз» атты тич-ин өтті. Іс-шара барысында кітапханашы оқырмандарға ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі екендігі. Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы, ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл! Бұл – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет екеніндігі туралы баяндама оқыды. Ұлттық тіл жайында мақал-мәтелдер, сөз жұмбақ шешіліп, сұрақтар қойылды. Шара соңында «Тіл– алтын қазына» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Нет описания фото.