“Ауған соғысының жаңғырығы” тақырыбында кездесу кеші өтті.
15 ақпан күні Шу аудандық орталық кітапханаға қарасты Белбасар, Еңбекші ауылдық кітапхана қызметкерлерінің бірлесе ұйымдастыруымен Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай “Ауған соғысының жаңғырығы” тақырыбында кездесу кеші өтті. Өткенін ескермеген өшеді, өткенін қастерлеген өседі,-демекші, берер тәлімі мол тарихтың куәгері, ауғанның асуында от кешкен батырымыз Далабаев Нұрдәулет Бекбергенұлы және кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Аталмыш шара Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Іс-шара барысында ауған ардагері өз қиындығы мен қасіреті мол ауған соғысы жайлы оқиғаларын баяндап, оқырмандардың сұрақтарына жауап берді. Ауған соғысының ардагерінің құрметіне би билеп, ән шырқап, сыйлықтар тарту етілді. Шара барысында Ауған соғысының ардагері ұйымдастырушыларға, қатысушыларға алғысын айтып, алдағы уақытта жұмыстарына сәттілік тіледі.

