«Тіл деген алып мұхит түбі терең» тақырыбында танымды сағат өтті.
9 ақпан күні Белбасар ауылдық кітапханасында Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің 7 сынып оқушыларының қатысуымен отты жырларымен, халқының қадір-қасиетін айта алған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Тіл деген алып мұхит түбі терең» тақырыбында танымды сағат өтті. Шара барысында кітапханашы ақынның өмірбаянына тоқталып, тума таланттың өмірден өткеніне жарты ғасырға жуық уақыт өтсе де, оның жырлары барша қазақтың жүрегінде берік орныққаны туралы мағлұмат берді. Ақиқаттың ақ туын көтеріп, әділет пен адалдықты тең ұстаған ақынның ғажайып сырлы өлеңдерін оқырмандар оқып, ақынға арнауларын айтып, жырдан өрнек өрді.

