«Шуағын шашқан ақын» атты оқу марафоны өтті.

7 ақпан күні Сауытбек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай «Шуағын шашқан ақын» атты оқу марафоны өтті. Шара барысында кітапханашы ақынның өмірбаянына тоқталып, оқырмандар Абылайхан Сезім, Мұратханұлы Бекнұр, Алдибай Бекжан «Майгүліме» «Ғашықпын»«Үш бақытым» атты өлеңдерін жатқа оқып берді.