«Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби кеш өткізілді.

23 қаңтар күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерімен Ж.Баласағұни атындағы орта мектебінің кітапханашысы Д.Қасымова бірлесе ұйымдастырып, 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Бір-ел бір кітап» акциясы бойынша Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерей тойына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби кеш өткізілді. Кеш барысында кітапханашы жазушының шығармаларымен өмірбаянын баяндап, “Балалар әдебиетінің бәйтерегі “ тақырыбында кітап көрмесін таныстырылып, «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Өлгендер қайтып келмейді» кітаптарына шолу жасалды. Ә.Нұрғазы Қожа бейнесін сомдап, жазушының шығармалары арқылы әр оқушы өзіндік ой- пікірін білдірді.Іс-шараға ат салысқан оқушылар марапатталды.