“Бердібек Соқпақбаев – балалар әдебиетінің атасы” атты өмірбаяндық шолу өтті.
23 қаңтар күні Алға ауылдық кітапханасында “Бір ел – бір кітап” акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген жазушы балалар әдебиетінің классигі, 2024 жылы 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын насихаттау мақсатында “Бердібек Соқпақбаев – балалар әдебиетінің атасы” атты өмірбаяндық шолу өтті. Шара барысында кітапханашы жазушылықты бар ғұмырының өзегі деп санаған Б.Соқпақбаевтың шығармашылық жолы мен өмірбаяны баяндалып, оқырманның ыстық ықыласына бөленген автордың кітаптары таныстырылды.

