«Ұлттық қор балаларға» аты библиофреш өткізілді.

19 қаңтар  күні Ақсу  ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Ж.Баласағұни атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушыларымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылы 1 қыркүйектегі жарияланған “Әділетті Қазақстан экономикалық бағдары” атты Қазақстан халқына жолдауы бойынша «Ұлттық қор балаларға» аты библиофреш өткізілді.  Іс-шара барысында жолдаудағы ең маңызды бастаманың бірі “Ұлттық қор-балаларға” бағдарламасын таныстырып, 10-сынып оқушысы Б.Биғазы “Ұлттық қордың” жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы  18 жасқа толғанша балалардың арнаулы есеп шотына аударылатыны туралы айтылды