«Ұлтының рухани ұстазы» атты сыр кеші өткізілді.
10 қаңтар күні Бірлікүстем ауылдық кітапханасында «Ұлтының рухани ұстазы» атты сыр кеші өткізілді. Шара барысында кітапханашы Д. А. Қонаев туралы қызықты презентация жасап, видеороликтер көрсетті. Оқырмандар ұлы тұлғаның өмірімен және оның өз еліне қосқан үлесімен таныс болды. Домалақ Ене орта мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Уатаева Айсәуле тұлғаның терең білімділігі, көпқырлығы жөнінде әңгімелеп, жастарды кітаптарды көбірек оқу, қазақ халқының ұлы тұлғалары жөніндегі білімдерін кеңейтуге шақырды.

