Жақыбаев Ә. КҮНІҢ БАРДА КҮЛІП ЖҮР/ Әбжапар Жақыбаев – Алматы; 2016. – 464 б.

ISBN 978-601-7283-26-1

Шу өңірінің «Құрметті азаматы», еңбек ардагері, шығармашыл, ізденімпаз ақын, Шу ауданының әлеуметтік экономикалық дамуына зор үлес қосқан азамат Әбжапар Құнанбайұлы Жақыбаевтың бұл кітабына әр жылдары жазылған мақалалары, естеліктері, ой-толғаныстары, арнау өлеңдері, құттықтаулары, мерзімді баспасөзде жарияланған өзекті мақалалары топтастырылды. Автор өзіне үлгі тұтып, құрметтеген, қызметтес болған замандастары, туған- туыстары, ел тынысы туралы пайымды пікірлер түйеді. Кітаптың өң бойында Әбжапар Жақыбаевтың өсу жолы, әр кездегі шығармашылық ізденісі аңғарылады.

Автордың бұдан бұрын екі жинағы жарық көрген еді. Оның бірінде өз руының шежіресі, ағайын-туыс пен бірге өскен құрбы-құрдастарының еңбек жолы, өмір тынысы баяндалған. Екі жинағын да оқырман жылы қабылдаған болатын. Ә. Жақыбаев бұл кітабында да айналасында болып жатқан құбылыстар мен дос- жарандарының арасындағы қарым-қатынастар жайлы тебірене сөз қозғайды. Автор бұл кітабын өзінің көзі тірісінде дайындап баспаға тапсыра алмай кеткен екен. Артында қалған мұрасын ұл-қыздары жинақтап, қалың оқырман қауымға ұсынып отыр. Кітап Ә.Жақыбаевтың туған өңіріндегі көпшілік қауымға, туған- туыстары мен отбасына арналған.