«Қазақтың ғұлама ағартушысы» атты дайджест ұйымдастырылды.
2 қараша күні Далақайнар ауылдық кітапханашысының ұйымдастырыуымен Т.Әшімбаев орта мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф Ы. Алтынсариннің туғанына – 185 жыл толуына орай «Қазақтың ғұлама ағартушысы» атты дайджест ұйымдастырылды.
Шара барысында Ы.Алтынсарин шығармашылығы өмірдегі сарқылмайтын мол байлық – білім екендігін айта келіп, білімге адамның қолы жету үшін ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігі түсіндіріліп, ағартушының өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарттар берілді. Іс-шара соңында кітапханашы жас оқырмандарға ағартушы еңбектеріне арналған Ыбырай Алтынсариннің кітаптарымен таныстырды.



