«Әдеби кейіпкер және өмірлік таңдау» атты әдеби пікірталас өтті.
2 қараша күні №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Әдеби кейіпкер және өмірлік таңдау» атты әдеби пікірталас өтті.
Іс-шара барысында қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы, драматург Дулат Исабековтің өмірі мен шығармашылығына шолу жасалды.
Кездесу барысында жазушы шығармаларында көрініс тапқан адам тағдыры, қоғамдағы өзекті мәселелер, адамгершілік, ар-ождан, адалдық пен жауапкершілік тақырыптары кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар оқушыларға Дулат Исабековтің «Қарғын» романы таныстырылып, шығарманың мазмұны мен көтерген идеялары насихатталды. Әдеби кейіпкерлердің іс-әрекеті мен өмірлік таңдауы төңірегінде ой бөліскен оқушылар өз пікірлерін ортаға салып, еркін пікірталасқа қатысты.

