«Балалар әдебиетінің атасы» библиодесант ұйымдастырып өткізді.
2 қараша күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері қазақ халқының көрнекті ағартушысы, ғалым, педагог, жазушы Ы.Алтынсариннің 185 жылдық мерейтойына орай «Балалар әдебиетінің атасы» библиодесант ұйымдастырып өткізді.
Іс шара барысында ұстаздың өмір жолы мен ағартушылық қызметі туралы ақпарат беріліп, оның балаларға арналған шығармалары таныстырылды.
Сонымен қатар оқырмандарға жазушының шығармалары ұсынылып, кітап көрмесі таныстырылды. Қатысушылар ұлы ұстаздың өнегелі өмірі мен мол мұрасынан тағылым алды.


