«Спорт – денсаулық кепілі» тақырыбында спорттық-танымдық сағат өткізілді.
30 қазан күні Жаңа жол ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Спорт – денсаулық кепілі» тақырыбында спорттық-танымдық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға спорттың адам өміріндегі маңызы, денсаулықты нығайтудағы пайдасы туралы айтылып, спорт тақырыбындағы кітаптар мен әдебиеттер таныстырылды. Сонымен қатар, кітапханашы спортпен тұрақты шұғылданудың маңыздылығына тоқталып, оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.



