«Қазақ тарихын көркем бейнелеген қаламгер» атты әдеби-танымдық кеш өткізілді.

30 қазан күні Белбасар ауылдық кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақтың көрнекті жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында «Қазақ тарихын көркем бейнелеген қаламгер» атты әдеби-танымдық кеш өткізілді.

Іс-шара барысында оқушыларға жазушының өмір жолы, шығармашылық мұрасы және қазақ әдебиетіне қосқан үлесі туралы кеңінен мәлімет берілді. Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр», «Дарабоз» сияқты шығармалары таныстырылып, туындыларындағы қазақ халқының тарихы, ел тағдыры, ұлттық рух пен тәуелсіздік идеялары туралы оқушыларға назарына ұсынылды. Қаламгердің әдеби мұрасымен танысып, қазақ әдебиеті мен тарихына деген қызығушылықтарын арттырды.