«Күй құдіреті – ұлт мұрасы» атты библиошар өткізілді.
30 қазан күні Шоқпар ауылдық кітапханада Шу өңірінің мақтанышы, қазақтың күй өнеріне өзіндік үлес қосқан белгілі күйші-сазгер Әбдімомын Желдібаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Күй құдіреті – ұлт мұрасы» атты библиошар өткізілді.Іс-шара барысында оқырмандарға күйші-сазгердің өмір жолы, шығармашылық еңбектері және қазақтың ұлттық музыка өнерін дамытуға қосқан үлесі туралы мағлұмат берілді. Әсіресе, оның халық жүрегінен орын алған «Ерке сылқым» күйінің шығу тарихы мен көркемдік ерекшелігіне назар аударылды.
Кітапханашы күй өнерінің қазақ халқының рухани өміріндегі маңызын түсіндіріп, күй арқылы халықтың тарихы, тұрмыс-тіршілігі мен көңіл күйі жеткізілетінін атап өтті. Оқушылар шарда жасырылған сұрақтарға жауап берді.




