«Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты дәстүрлі Жолдауын жариялады.
30 қазан күні «ЖАҢА ТАРИХИ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨЗЕКТІ МІНДЕТТЕРІ»
2026 жылғы 28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты дәстүрлі Жолдауын жариялады.
Осыған орай Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің библиографы кітапхана қызметкерлері арасында «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті мәселелері» тақырыбында ақпараттық брифинг өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Президент Жолдауында белгіленген басым бағыттарды кеңінен таныстыру, ел дамуының алдағы міндеттері туралы ақпарат беру және маңызды бастамалардың мән-маңызын түсіндіру.
Брифинг барысында Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жаңғырту, көлік-логистика және энергетика салаларын дамыту, өнеркәсіпті технологиялық жаңарту, ауыл шаруашылығының әлеуетін арттыру, цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу, білім беру мен әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру мәселелері кеңінен сөз болды.
Сонымен қатар қоғамдағы заң мен тәртіп қағидатын нығайту, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және әрбір азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін қалыптастыру бағыттарына назар аударылды.



