«Табиғаты бөлек сирек талант» әдеби танымдық сағаты өтті.

29 қазан күні Көктөбе ауылдық кітапханасында қазақтың көрнекті жазушысы, аудармашы, қазақ әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан қаламгер Сайын Мұратбековтың мерейтойына орай «Табиғаты бөлек сирек талант» әдеби танымдық сағаты өтті. Іс шара барысында кітапханашы жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріп, «Таңдамалы», «Жусан иісі»,«Қалың қар» повестерімен таныстырды. Шара соңында С. Мұратбеков өмірдің шынайлығын бейнелейтін, таңғы шықтай мөлдір шығармалары арқылы оқырмандарды баурап, ықылас – құрметіне бөленген сирек дарын иесі екендігін айтып өтті.