«Кітап – сарқылмас рухани қазына» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
28 қазан күні Бәйдібек ауылдық кітапханасында «Кітап – сарқылмас рухани қазына» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, білім мен рухани құндылықтарды дәріптеу.
Дөңгелек үстел барысында кітаптың адам өміріндегі орны, оның білім мен тәрбиенің қайнар көзі ретіндегі маңызы кеңінен талқыланды. Қатысушылар кітап оқудың пайдасы, кітап арқылы адамның ой-өрісін кеңейту, дүниетанымын дамыту және жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру жолдары жөнінде өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.


