«Дін және дәстүр» атты кездесу кеші өтті.
28 қазан күні Орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен №10 Шу колледжінің акт залында жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру, діни сауаттылығын арттыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Дін және дәстүр» атты кездесу кеші өтті.
Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің Шу ауданы бойынша арнайы бөлімінің басшысы Смайыло Мырзабек Жұмабекұлы, №10 Шу колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Омарова Динара Уәлихановна және колледж білімгерлері қатысты.
Кездесу барысында Мырзабек Жұмабекұлы жастарға тағылымды ойларын ортаға салып, дін мен дәстүрдің сабақтастығы, ұлттық құндылықтарды сақтау және діни сауаттылықтың маңыздылығы жөнінде кеңінен әңгімеледі. Сонымен қатар білімгерлердің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беріп, өзара пікір алмасуға мүмкіндік жасалды.
Шара аясында тақырыпқа қатысты бейнероликтер көрсетіліп, олардың мазмұны бойынша ой-пікірлер ортаға салынды.


