«Нашақорлық – ортақ қасірет» атты тәрбие сағаты өткізілді.

28 қазан күні Оразалы ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен Кенен Әзірбаев атындағы орта мектептің 9-сынып оқушыларының қатысуымен «Нашақорлық – ортақ қасірет» атты тәрбие сағаты өткізілді.Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларға нашақорлықтың адам денсаулығына, өміріне және болашағына тигізетін зияны туралы түсінік берді. Сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстанудың, зиянды әдеттерден аулақ болудың және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын атап өтті.