«Поэзия падишасы» атты мәнерлеп оқу іс-шарасы өтті.
27 қазан күні Балуан Шолақ ауылдық кітапханасында қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстанның халық жазушысы Марфуға Айтқожинаға арналған «Поэзия падишасы» атты мәнерлеп оқу іс-шарасы өтті.
Іс-шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталып, қазақ поэзиясындағы өзіндік орны мен әдеби мұрасы туралы мағлұмат берілді.
Кездесу барысында ақынның туған жерге деген сүйіспеншілікті, ана тілін құрметтеуді, адамгершілік пен ізгілік қасиеттерін дәріптейтін өлеңдері оқырмандар назарына ұсынылды. Оқушылар ақын жырларын жүрекпен сезініп, мәнерлеп оқып, өлеңдерінің мазмұны мен тәрбиелік мәнін жеткізе білді.


