«Қазақстан, жайна елім!» атты сазды бағдарлама өткізілді.

23 қазан күні 25 қазан – Республика күніне орай Балуан Шолақ ауылдық кітапханасы мен мәдениет үйінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Қазақстан, жайна елім!» атты сазды бағдарлама өткізілді.

Мерекелік іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, туған елін құрметтеуге, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге және патриоттық рухты нығайтуға бағытталды.

Бағдарлама барысында Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілікті дәріптейтін патриоттық әндер орындалды. Атап айтқанда, «Көк байрағым желбіресін көгінде», Жанаділ Әсеттің «Көк бөрі», Төлбаева Н.-ның «Өз едім» әндері көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.