«Қазақ елінің жаңа белесі – Республика күні» атты жыр кеші өтті.
23 қазан күні 25 қазан – Республика күніне орай Бірлік ауылдық кітапхана мен клуб қызметкерлерінің бірлесе ұйымдастыруымен «Қазақ елінің жаңа белесі – Республика күні» атты жыр кеші өтті. Іс-шара ҚР Мемлекеттік әнұранымен басталып, ауыл әкімінің бас маманы Б. Абдрахметов мерекелік құттықтау сөз сөйлеп, ауыл өнерпаздары мен кітапхананың тұрақты оқырмандары патриоттық әндер шырқап, ақындардың жүрек тебірентер жырларынан шашу шашты.




