«Гауһартастың ғажайып әлемі» әдеби кеш өткізілді.
23 қазан күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкері мен мектеп кітапханашысымен бірлесіп ұйымдастырылған «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы-драматург Дулат Исабековтың шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында «Гауһартастың ғажайып әлемі» әдеби кеш өткізілді.
Кеш барысында қатысушылар жазушының өмірі мен шығармашылық жолынан мәлімет алып, «Гауһартас»повесінің мазмұнымен танысты.Шығармадағы адамгершілік, мейірім, сүйіспеншілік, отбасылық қарым-қатынас пен адам жанының нәзік сезімдері туралы ой қозғалды. Оқырмандар шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне талдау жасап, олардың мінез-құлқы мен тағдырына байланысты өз пікірлерін ортаға салды. Әдеби тплқылау барысында жазушының адам болмысын шынайы суреттеудегі шеберлігі мен шығарманың тәрбиелік мәні атап өтілді.




