«Менің Отаным – Қазақстан» атты библиошар өткізілді.

23 қазан күні №1 Шу қалалық кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Төле би орта мектебінің 8-сынып оқушыларының қатысуымен 25 қазан – Республика күніне орай «Менің Отаным – Қазақстан» атты библиошар өткізілді.

Іс-шара барысында оқырмандарға Қазақстан Республикасының тарихы, мемлекеттік рәміздері, кең байтақ жері, бай табиғаты мен көрікті мекендері туралы мағлұматтар берілді. Сонымен қатар еліміздің тәуелсіздігі, ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрлері туралы мазмұнды әңгіме өрбіді.