«Республика – ерікті ел Қазақстан» атты тәрбие сағаты өткізілді.
23 қазан күні Алға ауылдық кітапханасында 25 қазан – Республика күніне орай Амангелді орта мектебінің 4–5 сынып оқушыларының қатысуымен «Республика – ерікті ел Қазақстан» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Шара барысында кітапханашы оқушыларға еліміздің тарихы, тәуелсіздік жолындағы маңызды тарихи кезеңдер мен ұлттық құндылықтар туралы кеңінен түсіндірді. Оқушылар Отанға деген сүйіспеншіліктерін өлең-тақпақтар арқылы жеткізіп, туған елге деген құрметтерін көрсетті.



