«Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем» әдеби кеш ұйымдастырып өткізді.
23 қазан күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері Республика күніне орай «Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем» әдеби кеш ұйымдастырып өткізді.
Әдеби кеш барысында Қазақстан Республикасының қалыптасу тарихы, еліміздің тәуелсіздік жолындағы жетістіктері мен бүгінгі даму белестері туралы мағлұматтар беріліп,
оқушылар Отан, туған жер, тәуелсіздік тақырыбындағы ақын-жазушылардың өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар, қатысушылар ел бірлігі, бейбітшілік пен тәуелсіздіктің қадірі туралы ой бөлісті.


