«Жаса Қазақстан,жаса менің ұлы елім!» тақырыбында поэзия кеші өткізілді.

23 қазан күні Бірлікүстем ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен «Жаса Қазақстан,жаса менің ұлы елім!» тақырыбында поэзия кеші өткізілді.

Кітапханашы оқырмандарға 25 қазанда Отанымыз Тәуелсіз Қазақстанда жоғары кеңестің еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаушы Декларацияны қабылдағаны туралы айтып өтті.Қатысушы оқырмандар да мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып,даму мен өркендеу жолында келе жатқаны туралы ,өз армандарындағы Қазақстан туралы да өз ойларын ортаға салып өтті. Қатысушылар Отанға деген ,туған елге деген сезімдерін өлең арқылы жеткізді .

Мақсаты:Отанға деген сүйіспеншілігін ,ұлттық сана-сезімін,патриоттықрухын дамыту.Кітап оқуға шақыру