«Тілім деп соғады жүрегім» тақырыбында вернисаж өткізді.
22 қазан күні Еңбекші ауылдық кітапханасының қызметкері Еңбекші орта мектебінің 6-сынып оқушыларымен «Тілім деп соғады жүрегім» тақырыбында вернисаж өткізді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға ана тілінің қадір-қасиетін түсіндіру, мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, тіл туралы мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу, туған жері мен ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушыларға ана тілінің маңызы туралы мәліметтер беріліп, тіл туралы мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер айтылды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, ана тілінің ұлт болашағы мен рухани өміріндегі орны туралы пікір алмасты.

